Cаяси тұтқын Әсет Әбішев қарсылық ретінде тамырын кескен

Құқық қорғаушылар түрме әкімшілігі оған ем көрсетпей, айыппұл изоляторына қамады дейді


09/04/2021
12:48 44298 0

Фото: bureau.kz

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина саяси тұтқын Әсет Әбішевтің заңсыз тінтілгеніне наразы болып, тамырын кескенін хабарлады. 

— Шұғыл жаңалық! Заречныйдағы ЛА-155/14 мекемесінде отырған Әсет Әбішев ар-намысын таптаған заңсыз тінтуге қарсылық ретінде екі қолын кесті! Қазір айыппұл изоляторында ауыр халде жатыр. Өміріне қауіп төніп тұр, — деп жазды құқық қорғаушы өз Facebook парақшасында. 

Төреғожинаның «Азаттық радиосына» айтуынша, Әбішевке түрме әкімшілігі ешқандай медициналық көмек пен дәрі-дәрмек бермей, айыппұл изоляторына қамаған. 

Белсенді бұған дейін де заңсыз тінту мен өзін арнайы жасақтың ұрып-cоққанына шағымданған еді. 

«Азаттық» түрме әкімішілігі мен Қылмыстық атқару жүйесі комитеті әзірге ақпарат бермей отыр дейді. 

Саяси тұтқындар тізіміне енгізілген Әсет Әбішев экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысына қатысы бар деп, 2018 жылы төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Біз бұрын саяси тұтқындар кім екенін, олардың басқа тұтқындардан қандай айырмасы барын айтқанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

09/04/2021 12:48
44298 0

Уведомление